• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Экономика 24 Қаңтар, 2020

Түсім 5 млрд теңгеден асады

130 рет
көрсетілді

Өткен жылдың қорытындыларына сәйкес «Нұр-Сұлтан – Шучинск», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қорғас» және «Алматы – Қапшағай» ақылы жолдарынан түскен түсім 5,4 млрд теңгені құрады.

Ол қаражаттың 3,8 млрд теңгесі ақылы автомобиль жолдарын, 1,6 млрд теңгесі төлем алу жүйесін күтіп ұстау іс-ша­раларына жұмсалды.

2018 жылдың сәйкес кезе­ңімен салыстырғанда, өткен жы­лы ақылы жолдардан 3,5 есеге артық қаражат түсті. Өйткені арғы жылы Қазақстанда «Нұр-Сұлтан – Шучинск» жолы ға­на ақылы болатын. Жыл сайын бұл жолдан түскен түсім көлемі 1,5 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таң­да елдегі ақылы жол­дар­дың жалпы ұзақтығы – 682 ша­қырым.

2019 жылдың желтоқсанында инвестициялық конкурстың қо­рытындылары бойынша Кон­сорциуммен жолдардың 11 мың шақырымында төлем алу жүйесін орнату және оны күтіп ұстау туралы құжатқа қол қойылды. Келісімге сәйкес биыл қайта құрылымдаудан өт­кен 5,7 мың шақырымдық жол учаскелерінде төлем алу жүйесі орнатылады деп жоспарланып отыр. Жолдардың қалған 5,3 мың шақырымы 2024 жылға дейін қайта құрылымдау іс-ша­ра­ларының аяқталу мерзіміне байланысты ақылы болмақ. 

Ақылы жолдар жүйесін ен­гізу арқылы сол жолдардың кү­ті­міне бюджеттен қаражат бө­лін­бейтін болды. Яғни, барлық шығын жиналған қа­ра­­жат есе­бінен қамтамасыз етіледі.