• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Күрес 24 Қаңтар, 2020

Ерлан Серікжанов дзюдодан Гран-приде күміс алды

241 рет
көрсетілді

Израильдің Тель-Авив қаласында дзюдодан Гран-при бәсекесі басталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сайыстың алғашқы күні 66 кг-ға дейінгі салмақта сынға түскен Ерлан Серікжанов күміс жүлдеге ие болды. Қазақ дзюдошысы ақтық сында оңтүстік кореялық Ан Баулдан ұтылып қалды.

Ерлан финалға дейінгі белдесулерде Ярин Менегед (Израиль), Мурад Шопанов (Ресей), Орхан Сафаровты (Әзірбайжан), ал жартылай финалда Барух Шмаиловті вазари ұпайымен жеңген еді.

Айта кетейік, биылғы жылдың алғашқы додасына әлемнің 83 елінен 548 спортшы келген. Қазақстан құрамасы сапынан 19 спортшы ел намысын қорғайды. Гран-при бәсекесі 25 қаңтарға дейін жалғасады.