• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 24 Қаңтар, 2020

Президент: 2019 жылы экономикалық өсім 4,5 пайыз болды

302 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтты.  

«Бүгін Үкіметтің кезекті кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселе бар. Алдымен өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін қарастырамыз. Жалпы, былтыр жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік – экономикалық өсім 4,5 пайыз болды. Экономиканың негізгі салаларында өсу қарқыны байқалды» деді Қ.Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталғанын хабарлаған болатынбыз.