Премьер-Министр Асқар Мамин еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін берді.
«Еңбек нарығы тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады. Сондай-ақ 423 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде 280 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары бар. Трансферттерді қоспағанда мемлекеттік бюджет кірістері 9 трлн 688 млрд теңге немесе жоспар 101,2% орындалды. Бұл 2018 жылғы кірістерден 1,5 трлн теңгеге көп», деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысының айтуынша, трансферттерді есепке алмағанда республикалық бюджет кірістері бойынша жоспар 100,6%, ал жергілікті бюджеттер 103% орындалған.
«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 14 трлн 180 млрд теңге немесе жоспар 99,7% орындалды. Оның ішінде республикалық бюджет шығыстары - 99,9%, ал жергілікті бюджеттер - 99,4% орындалды. Сыртқы сауда айналымы 97 млрд. долларына дейін өсті, оның ішінде экспорт 60 млрд доллар, импорт 37 млрд долларды құрады. Бұл ретте, сыртқы сауда балансының оң сальдосы — 23 млрд доллар болып отыр», деді А.Мамин.