• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 24 Қаңтар, 2020

Асқар Мамин: 10 өңірде азық-түлік тауарлары бағасы өскен

255 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайында айтты.

«Әр өңір ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 7 көрсеткіш бойынша 8 өңірде — Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша озық өсу қарқыны байқалды», деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ ол көптеген көрсеткіштер бойынша артта қалған 5 өңірді атады. Үкімет басшысының мәліметінше, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облысы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен болған. Ал қалған Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Түркістан облысы сынды 4 аймақ орташа көрсеткіш көрсеткен.

«10 өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары орташа республикалық баға деңгейінен (10,4%) асып түскен. Бағаның едәуір өсуі Атырау (+13,2%), Павлодар (+13,1%), Нұр-Сұлтан (+12,9%), Алматы (+12,6%), Орал (+12,5%) және Көкшетау (+12,3%) қалаларында тіркелген. Осыған байланысты импортқа тәуелділікті төмендету және қолда бар реттеу құралдарын қолдану арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауға ерекше назар аударылатын болады», - деді Премьер-Министр.