• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қаңтар, 2020

Әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды

254 рет
көрсетілді

АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды. Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуін бейнелейтін бүркіт бейнеленген «Рухани жаңғыру» логотипі орналасқан.Сонымен қатар Елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда ағымдағы жылғы ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдерін көрсете бастайды. Жыл бойы фотокөрмелер мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ американдық сарапшы және академиялық топтар үшін Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптардың көрсетілімдерін өткізу жоспарланған. Сондай-ақ Елшіліктің ақпараттық ресурстарында батыс саяхатшылары жасаған 19 ғасырдағы Қазақстан тарихының фотосуреттері тұрақты негізде орналастырылуда.

Соңғы жаңалықтар