Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 18 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев көп жылдардан бері тұрғын үй кезегінде тұрған 36 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыстады. Аудан басшысы негізінен ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған балалар мен көп балалы отбасыларға басымдық берілгенін атап өтті.
Жаңа баспанаға ие болғандар аудан басшылығы мен құрылысшыларға ақжарма тілектерін айтып, ризашылықтарын жеткізді.