• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қаңтар, 2020

Елбасы Түркия халқына көңіл айтты

334 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркияның Элязыг және Малатья провинцияларында орын алған және адамдардың қазасына әкеліп соқтырған қуатты жер сілкінісі туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. «Осындай қиын сәтте қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», - делінген жеделхатта.