Нұрлан Нығматулин Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентопқа елдің шығысында орын алған жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Өзімнің және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының атынан Түркияда болған табиғат апат салдарынан қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын» ,-деді Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс Төрағасы қайтыс болғандардың туысқандары мен жақындарына да көңіл білдіре отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестігін жеткізді.