• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қаңтар, 2020

Маңызды мақсаттарға басымдық беріледі

171 рет
көрсетілді

Елордада өткен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, биылғы міндеттер белгіленді.

Отырысқа Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, «Аймақ» өңірлік дамуға және жергілікті өзін-өзі басқаруға жәрдемдесу қоры» ЗТБ президенті, АҚДМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі Айгүл Соловьева, Өңірлік БАҚ альянсының президенті, АҚДМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі Ержан Сейтқазинов, Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, «Болашақ» Қазақстан Президентінің халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры, АҚДМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі Лаура Демесінова қатысты.

– Біздің министрліктің құрылғанына бір жылға жетер-жетпес қана уақыт болды. Мен өз кезегімде 2020 жылға негізделген басым бағыттар мен негізгі мақсаттарға тоқталғым келеді. Біз жетекшілік ететін барлық бағыттарды дамыту бойынша нақты жоспарымыз бен стратегиямыз бар. Маңызды шаралар жоспарлануда. Ақпарат саласына тоқталар болсақ, өздеріңіз білетіндей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының концепциясын енгізу туралы тапсырма берген болатын. Осы мақсатқа жету үшін министрлік бірқатар жоспар құрды, – деді Д.Абаев.