• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қаңтар, 2020

Полицейлер адасқан жолаушыларды құтқарды

175 рет
көрсетілді

Осы жылдың 24 қаңтарында түнгі сағат 00:45-те Қазалы ауданындағы полиция бөлімінің кезекшісіне аудан тұрғынынан хабарлама түседі. «Жұбан» елді-мекеніндегі қожалықтан «УАЗ» автокөлігімен шыққан жақындарынан хабар ала алмай жатқандығын хабарлаған тұрғын көліктегі 4 адамның екеуі бала екендігін айтқан. Осы ақпарат негізінде 2 жедел-іздестіру тобы құрылып, полиция қызметкерлері адасқандарды іздеуге кірісті.

Жедел жолға шыққан полицейлер таң қылаң бере Қуан ауылынан оңтүстікке қарай шамамен 250 шақырым жерден жолаушыларды тапты. Күннің күрт бұзылуынан жолдан жаңылысып, басқа бағытқа кетіп қалған жолаушылар үйлеріне жеткізілді.

Облыс аумағында  әлі де күн райы құбылып тұр. Осыған байланысты тәртіп сақшылары қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болуды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар