• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қаңтар, 2020

Су ресурстарын басқару бағдарламасы әзірленеді - Руслан Дәленов

131 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың соңына дейін Су ресурстарын басқару бағдарламасы әзірленетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

«Агроөнеркәсіптік кешен бойынша ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және Агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік қолдаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалады. 2020 жылдың соңына дейін Су ресурстарын басқару бағдарламасы әзірленетін болады», - деді Ұлттық экономика министрі.

Бұдан соң министр 2020 жылдың соңына дейін жаңа редакциядағы «Техникалық реттеу туралы» Заң қабылданатынын айтты.

«Өнеркәсіп және құрылыс бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды, қайта өңдеу өнеркәсібін тиімді дамыту жөнінде, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Қосылған құнның жаһандық тізбегіне ену жөніндегі, сонымен қатар экспортты арттыру және әртараптандыру бойынша шаралар іске асырылатын болады. Одан басқа, тұрғын үй салу және инфрақұрылымды сапалы дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа редакциядағы «Техникалық реттеу туралы» Заң қабылданады», - деді Р.Дәленов.