• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қаңтар, 2020

Денсаулық кодексі қабылданады - Руслан Дәленов

225 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында айтты.

«Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша шаралар, оның ішінде Денсаулық кодексі қабылданады. Кодекстің жобасы ашық және кеңінен талқыланады», - деді Руслан Дәленов.

Сондай-ақ министр білім беру бойынша педагогтарды даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатынын айтты. Оның айтуынша,  ғылыми-өндірістік кластерлер құру және адами капиталды дамыту бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы жылғы 15 мамырға дейін Орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық даму жоспары қабылданатын болады. Жұмыс тобы әзірлеген негізгі шаралар Жоспарға енеді. Әрбір орталық мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган белсенді қатысады», - деді Р. Дәленов.