• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2020

Туған жер, туған ауыл әркімге де, әкімге де ыстық

221 рет
көрсетілді

Облысқа жаңадан тағайындалған облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов алғашқы жұмыс сапарын Тереңкөл ауданынан бастады.

Аудан әкімі Ернұр Әйткеновтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуіне қатысты. Кездесу басында Ернұр Әйткенов ауданның даму көрсеткіштерімен таныстырды. Ауданда  ауыл шаруашылығына тартылғанн инвестиция көлемі  артуда.  Суармалы егістік алқабы 4,9 мың гектарға жеткен. Биыл «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының арқасында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің стадионы жөнделіп, 300 орындық трубина орнатылған.

Сондай-ақ 7 көшені асфальтталып, №2 орта мектептің жылу жүйесі қалпына келтірілген. Бос тұрған ғимарат ауыл оқушыларына арналған интернатқа айналды.

Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына аудан, облыс әкімі жауап берді.

-Тереңкөл ауданы тұрақты жақсы  дамып келеді. Жұмыстар ары  қарай жалғасады. Ауданның дамуы бойынша жеке жиналыс өткізуді жоспарлаудамын, деді облыс әкімі  Әбілқайыр Сқақов.