• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2020

Жамбыл облысында алтын өндіретін зауыт салынады

411 рет
көрсетілді

Неміс инвесторлары Жамбыл облысынан алтын өндіретін зауыт салуға ниетті. Бұл мәселе жөнінде Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов «Aurum Deutschland» компаниясының өкілдерімен кездесіп, әңгімелесті. Кездесу барысында қос тарап зауыт жобасын жан-жақты талқылады.

Қазақстан нарығында бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл компаниямен келіссөздер біраз уақыттан бері жүргізілуде. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 329 миллион евроны құрайды. Зауыттың іске асу уақыты 9 жыл. Аталған жобаның ағымдағы жылы тау-кен комбинатының жобалау жұмыстары жүзеге асырылса, келесі жылы зауыттың құрылысы басталады.

Зауытта жылына 5 тонна алтын өндіріледі деп жоспарлануда. Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, жергілікті билік зауыт салу үшін әзірге 300 гектар жер бөліп отыр. Құрылыс жұмыстарына 350 адам тартылады деп күтілуде. Ал кәсіпорын толығымен іске қосылғанда 800 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Жиын барысында Асқар Мырзахметов инвесторларға уақытты созбай, сөзден іске көшуді ұсынды. Әкім компания кедергісіз жұмыс істеуі үшін жергілікті билік тарапынан барлық жағдай жасалатанын атап өтті. Айта кетейік, ауқымды жоба Қордай ауданында жүзеге асырылады.