• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 29 Қаңтар, 2020

ҚХР азаматтарына виза беру тоқтатылды

207 рет
көрсетілді

Үкіметі жанындағы ВАК Қазақстан Республикасында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шарасын қабылдады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шарасын қабылдады:

2020 жылғы 29 қаңтардан бастап Қазақстан мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды;

2020 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан мен ҚХР арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады;

2020 жылғы 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен ҚХР арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады; 

ҚХР азаматтарына визалар беру тоқтатылды;

2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады, сондай-ақ 2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.

Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режімде қадағалауда. Биылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген. Бұл мәселе ел басшылығының ерекше бақылауына алынған.