Ливия астанасы Триполидің оңтүстігіндегі мектепке белгісіз біреулер шабуыл жасады. Бұл туралы 24 Хабар телеарнасы хабарлады.
Салдарынан 3 бала қаза тауып, тағы бір оқушы ауыр жарақат алған. Бұл ақпаратты жергілікті билік өкілдері растады.
Аймақтағы жауласқан тараптар осы оқиғаға қатысты жауыпкершілікті өз мойнына алмай, бір-бірін айыптап жатыр. Қарулы қақтығыс өршіп тұрған Ливияда оқ атпау келісімі осымен бірнеше рет бұзылды.
Естеріңізге салайық, әлем елдерін алаңдатқан Ливия мәселесі жуырда Берлиндегі халықаралық конференцияда кеңінен талқыланып, қатысушылар БҰҰ қару-жарақ эмбаргосын қолдауға уағдаласқан болатын.