• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Қаңтар, 2020

Ресейде 500-ден астам балықшы құтқарылды

175 рет
көрсетілді

Құтқарушылар Сахалин облысындағы Мордвинов шығанағында мұзда жүрген 536 балықшыны эвакуациялады. Бұл туралы RT сайтында жарияланды.

Жергілікті уақыт бойынша 23:20-да құтқарушылар әуесқой балықшыларды жағаға шығарды. Балықшылардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқару жұмыстарына 15 адам, үш қайық және «Хивус-10» әуе кемесі тартылған.

Төтенше жағдайлар министрлігі бұдан бұрын да Мордвинов шығанағында жағадан 2 км қашықтықта мұз жарылғаны туралы айтқан. Құтқарушылар мұзға шығу әлі де қауіпті екені жайлы ескертті.

Бұған дейін Сахалин облысындағы Свободный ауданында 600-ге жуық балықшы құтқарылған.