• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қаңтар, 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

544 рет
көрсетілді

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысында бірқатар басқарма басшыларының есебі тыңдалды.

Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты. Алдымен Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов 2019 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

«Өткен жылы Шымкент қаласының құрылыс басқармасы арқылы 40,3 млрд теңгеге 113 нысанның құрылысы жүргізілген. Оның ішінде: 83 тұрғын үй, 17 әлеуметтік және басқа да сала нысандары, 13 инженерлік инфрақұрылым нысаны, сондай-ақ, көп балалы отбасыларға нарықтан 98 пәтер сатып алынбақ.Қазіргі таңда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Барлық инвестиция көздерінен жалпы 6 513 пәтерлік 132 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді, жылдың қорытындысында 53 тұрғын үй пайдалануға берілді. Көп балалы отбасылар 450 пәтер және жұмыс істейтін жастар 904 арендалық пәтермен қамтылған»,- деді Ербол Құнанбайұлы.

Шымкент қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөз атқарылған жұмыстардың қорытындысында баяндағандай, қаладағы ауыз су қамтамасыз етілу деңгейі 93 пайызы, яғни 961,134 мың адам ауыз суды тәулік бойы тұрақты алып жатқанын айтты. Қалған тұрғындар суды кестемен, ұңғыма және құдық арқылы пайдаланып отыр.

Ал сапалы электр қуатымен 942,5 мың адам қамтылып, тұрғындардың 8,8 пайызы сапасы төмен немесе, жаңа құрылыс жұмыстарын, талап ететін электр желілерін пайдалануда.

 

Шымкент