• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қаңтар, 2020

Балуандар Парижде белдеседі

174 рет
көрсетілді

8-9 ақпан күндері Парижде (Франция) дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді. Париж татамиіне 122 елден келген 788 балуан қатысады деп жоспарланған. Ал бұл сында ел намысын 16 дзюдошы қорғайды.

Ерлер бәсекесінде Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Елдос Жұмақанов пен Ерлан Серікжанов (66 кг), Жансай Смағұлов пен Бекәділ Шаймерденов (73 кг), Дидар Хамза (81 кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбай (+100 кг) өнер көрсетеді.

Әйелдер арасында Отгонцэцэг Галбадрах пен Ақмарал Науатбек (48 кг), Анна Казюлина (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг), Назгүл Маратова мен Камила Берліқаш (+78 кг) сайысқа түседі.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес Grand Slam турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпазға 1000 ұпай, екінші орынға – 700, үшінші орын алған спортшыға 500 ұпайдан беріледі.