Еліміздегі жатыр мойны обырының алдын алу апталығы басқа ауруларды да анықтады. Ал қатерлі ісіктердің жаңа өскіндері денсаулық пен өмір ұзақтығына төнген басты қатердің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын 18,07 миллион адам онкологиялық дерттерге шалдығады.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қатерлі ісіктің кеңінен тараған түрлеріне сүт безі, тоқ және тік ішектер, қуықалды безі, асқазан обыры жатады.
20-27 қаңтар аралығында Қазақстанда жатыр мойны обырының алдын алу апталығы өткізілді. Онкологияға Қазақстанның барлық өңірлерінен 1398 әйел тексерілген. 32 әйелден обырға күдіктілік байқалса, 160 адамнан обыр алды белгілері білінген. 527 әйелде басқа ауру түрлері анықталды.
Акция Қазақстанның барлық 20 өңірлік онкологиялық орталықтарында және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында жүргізілді.
Жатыр мойны қатерлі ісігі жатыр мойыны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік болып табылады. Қазақстанда онкопатология құрылымында жатыр мойны қатерлі ісігі сүт безі қатерлі ісігінен кейін әйелдер арасында екінші орында тұр. Жыл сайын жатыр мойны қатерлі ісігінің 1700-ден астам жаңа жағдайы тіркеледі және осы аурудың 600-ге жуық жағдайы өлімге әкеледі.
Алматы