• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Ақпан, 2020

KASE: доллардың орташа құны 380 теңге

240 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы 2020 жылғы 3 ақпанда 17: 00-де 380,69 теңгені құрады.

KASE мәліметіне сәйкес, сауда-саттықта минималды баға бір АҚШ долларына 380,20 теңге, ең жоғары - 381 теңге, жабылу бағамы - 380,80 теңге болды. АҚШ долларындағы сауда-саттық көлемі 122 млн 562 мың долларды құрады. Валюталық операциялар саны 437.

15: 30-да американдық валютаның орташа алынған айырбас бағамы 380,65 теңге деңгейінде болды.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, елорданың айырбастау пункттерінде американдық валютаны сатудың максималды бағамы 17: 10-да 381 теңге, Алматыда - 383 теңге болды.

Ұлттық банктің 3 ақпандағы ресми бағамы 1 АҚШ долларына 378,80 теңгені құрады. Ақпанның 4-і, ресми айырбастау бағамын анықтаудың қазіргі тәртібіне сәйкес, 1 доллар үшін 380,65 теңге болады.