Алматының Алатау ауданында тағы бір құжаттандыру секторы жұмыс істей бастады. Өткен аптаның соңында Азаматтарға арналған үкіметтің Алматы қаласы Алатау аудандық екінші майдан-кеңсесінде құжаттандыру секторы ашылған болатын.
Алматы қаласында санаулы жылдар ішінде сәулетті үйлері сап түзеп, экономикасы еңсе тіктеген жас ауданның бірі - Алатау ауданы. Аудан халқына мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық атлетикалық қалашықта орналасқан. Алайда, күн санап өсіп жатқан аудан халқының сұранысы ескеріліп, тағы да бір майдан-кеңсе (ХҚО) іске қосылған. Өткен жылы тамыз айында жөндеуден өтіп қайта қосылған Әйгерім-1 ықшам ауданы, В.Бенберин, 89 мекен жайындағы екінші майдан-кеңсе, күніне 200-300 адамға қызмет көрсетуде. Бөлімде өзіне өзі қызмет көрсету секторы арқылы тұрғындар электрондық қызметтер алып, цифрлық сауаттылығын арттыра алады.
«Біраз уақыттан бері ауданның 250 мыңнан аса тұрғыны мен қонақтарының құжаттандыру сұранысын қанағаттандыратын тағы да бөлім ашу қажеттілігі туындаған болатын. Халыққа ыңғайлы болу үшін секторды Алатау ауданындағы екінші фронт-офистен ашып отырмыз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.
Құжаттандыру секторы биылғы 30 қаңтардан бері жұмыс істей бастады. Енді аудан тұрғындары алысқа бармай, Азаматтарға арналған үкіметтің Алатау аудандық екінші бөлімінде жеке куәлік, шетелдік төлқұжаттар рәсімдеп, тұрғылықты жері бойынша және уақытша тіркеуге тұра алады. Немесе өзіне өзі қызмет көрсету секторы арқылы онлайн тіркеле алады.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылғы тамыз айынан жыл соңына дейін бөлімнің өзіне өзі қызмет көрсету секторында 132 713 қызмет алынған.