• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Ақпан, 2020

Футзал: Қазақстан әлем чемпионатына қатысады

368 рет
көрсетілді

Кеше Чехияның Брно қаласында жалауы желбіреген футзалдан әлем чемпионатына жолдама беруші элиталы кезең өз мәресіне жетті. «D» тобында сынға түскен Қазақстан құрамасы Чехия, Словения және Румыниямен күш сынасты. Үш ойынның екеуінде жеңіске жеткен отандастарымыз топта бірінші орын иеленіп, тарихта үшінші мәрте әлем чемпионатына жолдама алды.

Соңғы турда жерлестеріміз жарыс қожайындары әрі топта көш бастап тұрған Чехия құрамасымен кездесті. Чехия – Қазақстан арасындағы ойынға дейін біздің топтағы Румыния мен Словения құрамалары сынға түсіп, екі құрама 4:4 есебімен тең ойнады. Бұл матчтың тең нәтижемен аяқталғаны Қазақстан құрамасы үшін тиімді еді. Өйткені Чехияны жеңетін болса, бірден әлем чемпионатына жолдама алушы еді. Және солай да болды. Кездесу бастала сала ойын тізгінін қолдарына алған жерлестеріміз небәрі төрт минуттың ішінде қарсылас қақпасына 3 гол соқты. 3-ші минутта Дуглас дубль авторы атанса, арада бір минут өткенде Тайнан үшінші голды соқты. Бірінші тайм – 3:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймды да жерлестеріміз сәтті бастады. 23-минутта Дуглас ойындағы үшінші, Қазақстан құрамасының төртінші голын соқты. Ал 36-минутта Чехия құрамасы есепті қысқартуға мүмкіндік алды. Гол авторы – Михал Голы. Бірақ арада екі минут өткенде Тайнан бесінші голды соғып, Қазақстан құрамасына тарихи жеңіс сыйлады. Ойын аяқталар тұста қақпашы Игитаның қателігінен кейін чехиялық Иржи Вокоун біздің қақпаға екінші голды соқты. Қорытынды есеп – 5:2. Осылайша Қазақстан құрамасы биыл 12 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Литвада өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.