Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Городко Еуропа кубогының жалпы есебінде көш бастап келеді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Бүгінде кубоктың бес кезеңі артта қалды. Анастасия 760 ұпаймен бірінші орында келеді. Екінші орынды Нидерланд өкілі Жанек Бергхуис (437 ұпай) иеленсе, үздік үштікті франциялық Фантин Дегрут түйіндеп тұр. Оның еншісінде 371 ұпай бар. Айта кетелік, Францияда өткен Еуропа кубогының бесінші кезеңінде Анастасия Городко алтын және күміс медаль жеңіп алған болатын.