Алматының Өңірлік штабы әуежай мен ауруханада коронавирустың алдын алу шараларының жүзеге асырылуын тексерді.
Бұл күндері жағдайды бақылауда ұстау үшін мегаполисте үздіксіз жұмыс жүріп жатыр. Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен Алматы халықаралық әуежайында коронавирусты инфекцияның алдын алу жөніндегі аймақтық штабтың көшпелі отырысы өтті.
Көшпелі отырыс әуежайда жүргізілетін санитарлық-гигиеналық және профилактикалық іс-шараларды бағалау, туристік фирмалардың, туристік будка мен турполицияның жұмысын тексеруді көздейді.
Санитарлық-гигиеналық режимді күшейту және коронавирусты инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар «№4 қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК-ның шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша дайындығы, 3h (триаж) жүйесі бойынша қабылдау бөлімшесінің жұмысы, сондай-ақ коронавирусты инфекцияға күдікті адамдарды анықтау жағдайына ден қою шаралары тексерілді.
АЛМАТЫ