Кешегі Ұлы Отан соғысы қатысушыларының саны мен қамтыған елдерінің көптігі жағынан адамзат тарихы бұрын-соңды көре қоймаған алапат қырғын болғаны белгілі. Қаһарлы соғыстың сұрапыл жалыны бүкіл Еуропаны қамтыды. Азияға да ауыз салды.
Бұл соғыс біздің халқымызға да аса ауыр сын болды. Ел басына күн туған, ерлер етігімен қан кешкен, ат ауыздығымен су ішкен қатерлі шақта ержүрек жауынгерлер кеуделерін от пен оққа тосып, ортақ Отанымыздың тәуелсіздігі мен бостандығын қаһармандықпен қорғады, қажет болғанда ғұмырларын да құрбан етті. Сөйтіп, қаншама жас қыршынынан қиылды. Талай асқақ арман аяқталмай қалды...
Кешегі Ұлы Отан соғысы қатысушыларының саны мен қамтыған елдерінің көптігі жағынан адамзат тарихы бұрын-соңды көре қоймаған алапат қырғын болғаны белгілі. Қаһарлы соғыстың сұрапыл жалыны бүкіл Еуропаны қамтыды. Азияға да ауыз салды.
Бұл соғыс біздің халқымызға да аса ауыр сын болды. Ел басына күн туған, ерлер етігімен қан кешкен, ат ауыздығымен су ішкен қатерлі шақта ержүрек жауынгерлер кеуделерін от пен оққа тосып, ортақ Отанымыздың тәуелсіздігі мен бостандығын қаһармандықпен қорғады, қажет болғанда ғұмырларын да құрбан етті. Сөйтіп, қаншама жас қыршынынан қиылды. Талай асқақ арман аяқталмай қалды...
Соғысқа аттанғанда Теңел ағаның жасы 19-ға енді ғана толған екен. Өзі қалап түскен Қазақ мемлекеттік университетінің екінші курсын толық бітіре алмай, 1942 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, Алматы жаяу әскер училищесіне жіберілді. Онда ұзақ болуға уақыт тарлық етті. Тұтқиылдан басталған фашистік Германияның шабуылы оқуды бітіруге, орта дәрежелі командир болып шығуға мүмкіндік бермеді. Азын-аулақ дайындықтан өтіп, негізінен мылтық ұстап, ата білуді үйренгеннен кейін соғыс шебіне аттандырылып, Волхов майданындағы 19-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында әскери қимылдарға қосылды да кетті. Көп ұзамай Ленинград майданындағы қанды шайқасқа қатысты. Небір мазасыз түндер мен күндерді бастан өткізді. Елде қан көрмеген жастың бірге жүрген жолдастарының оққа ұшқаны жауға деген кегін қайрады. Рота политругі ретінде жауынгерлерді жігерлендіре түсіп, Отан қорғаушылардың азаматтық рухын көтеріп, патриоттық сезімін арттыруға үлкен үлес қосты. Өзі де майдан даласында жау әскерлерінің жолын бөгеуге аянбай атсалысты. Осындай қанды қырғындардың бірінде ауыр жарақат алып қалды. Әрі қарай соғысқа жарамай 1944 жылы елге қайтты. Сөйтіп, жалындаған 21 жасында мүгедектер қатарына қосылды.
Жұмабаев Теңел Оңдасынұлы 1923 жылы 12 тамызда Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмында дүниеге келген еді. Бірақ 6 жасқа келгенде әкесі Кеңес өкіметінің байларды тәркілеу саясатына ұшырап, осындағы 25 байдың тізіміне еніп, атамекені – Тайсойған құмын тастауға мәжбүр болды. Өздеріне бұрын-соңды атын естімеген Қызылжарға (Петропавлға) көшу ұсынылды, бірақ, қыс тақап қалғандықтан көш бағыты сол кездегі республиканың Орталық атқару комитетінің төрағасы Елтай Ерназаровтың бір ауыз рұқсат сөзінің арқасында Адай округіне қарайтын Ойыл ауданына бұрылған болатын. Кейін Тәкеңнің отбасы Сыр елінің құйқалы бір өңірі – қазаққа Ғанидай жалындаған жас берген, әдебиет пен мәдениеттің, білім мен ғылымның талай саңлақтарының жөргегі болған киелі Қазалы топырағында тұрақтады. Осында зейнетке шыққанға дейін 42 жыл қызмет етті.
Соғыстан оралысымен Теңел Жұмабаев еңбек жолын Қазалы аудандық партия комитеті хатшысының көмекшілігінен бастап, екі жылдай облыстық «Ленин жолы» газетінің тілшісі болды. Сөйтіп, халықтың қарапайым да күрделі өміріне сүңгіді де кетті. Ел іші бұл кезде аса бір қиыншылықтарды бастан өткізіп жатқан еді. Соғыс салған зардаптан халықтың еңсесі көтерілмеген кезең болатын. Кеше ғана қанды соғысты көзімен көрген, бүгінгі қиын болмысты бастан өткізген жас тілші тез жетілді, тез өсті. Ол көп ұзамай аудандық партия комитетіне қызметке шақырылып, әуелі партия кабинетінің, содан соң үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болды. Заман өзгере бастады, білімнің жеткіліксіздігі сезіліп, Алматыдағы екі жылдық партия мектебіне жолдама алды. Оны бітіргеннен кейін 1953 жылы әуелі аудандық «Социалистік жол» газетінің жауапты хатшысы, содан соң аудандық деңгейдегі түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
Тәкең өміріндегі елеулі бір кезең еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынб