• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2020

Қағаз куәліктерді биометриялық сәйкестендіру ығыстырады

526 рет
көрсетілді

Елімізде биометриялық сәйкестендіру 2018 жылдың аяғында ғана қосылды. Содан бері Алматы қаласында 6 мыңнан астам адам биометриялық сәйкестендіруден өтті.

Биометрия авторизацияны бақылау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ең келешегі күшті әрі новаторлық технология болып табылады. Бүгінде қағаз түріндегі куәліктерді биометриялық сәйкестендіру ығыстыра бастады. Смартфонды саусақ ізі арқылы бұғаттан шығару, сатып алғандарды селфидің көмегімен төлеу, ақшаны дауыс арқылы аудару… Бұл аталмыш технология мүмкіндіктерінің бір қыры ғана.

Биометрия бізде де көптеген салаларда белсенді пайдаланылады, оның бірі мемлекеттік қызмет болып отыр. Өйткені ол қызмет алуды айтарлықтай жеңілдетеді. 2020 жылғы қаңтар айында Алматыда 2 200 адам биометриялық деректерін енгізген.

Биометрия туралы, жалпы цифрлық технологиялар жайлы айтқанда көбісінде заңды сұрақ туындайды – жеке деректердің қауіпсіздігі қалай болмақ?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаевтың айтуынша, сәйкестендіру үшін биометриялық параметрлерді пайдалану кілттер мен құпия сөздерді қолданумен салыстырғанда жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.   

«Себебі, биометриялық сәйкестендіргіштерді ұмыту, жоғалту, ұрлау мүмкін емес. Бұл технология үнемі даму үстінде – биометриялық сәйкестендіргіштердің дәлдігі ұлғайтылып, деректерді өңдеу жылдамдығы арттырылып, шифрлеу хаттамасы күрделеніп келеді», - дейді Данияр Қырықбаев.