Бас қалада «Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр. Бүгін қалалық еріктілер қатарына енген Медицина-техникалық колледждің студенттері көпбалалы ана Сұлушаш Тұрланның ауласын қардан тазалауға көмектесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Еріктілер штабы жыл басынан бері акция аясында 100 отбасыға көмек көрсетті. Қазіргі кезде 7 бағыт бойынша волонтерлерді қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр:
- «Саулық» жобасы аясындағы медициналық ерікті – науқасты күтуге көмек көрсету;
- «Таза әлем» жобасы – қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету;
- «Асыл Мұра» жобасы – халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға волонтерлерді тарту;
- «Қамқор» жобасы қарттар үйлеріндегі еріктілердің жұмысына бағытталған;
- «Білім» жобасы – ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлік көмек.
- «Үміт» жобасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыз туралы баяндайтын құжаттарды іздеуге бағытталған.