• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Ақпан, 2020

Ермек Қизатов: Спортшылар тұтас Қазақстанның имиджіне нұқсан келтірді

206 рет
көрсетілді

Биатлоннан Қазақстан командасының төрт спортшысы ірі халықаралық және республикалық жарыстардан шығарылып, ұлттық құрамадан шеттетілді. Бұл туралы бүгін өткізілген одақтың кезектен тыс жиынында белгілі болды. Осыған орай, ҚБО президенті Ермек Қизатов пікір білдірді. Бұл жайында Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Спортшылар өз елінің айнасы. Спорттық тәртіпті бұзғандар команданың ғана емес, тұтас Қазақстанның имиджіне нұқсат келтірді. Бізде спорт түрлері айтарлықтай көп емес, десе де, біз тәртіпті таңдаймыз», - деді Ермек Қизатов.

Айта кетелік, Антон Пантов 4 жылға, Тимур Куц, Владислав Витенко және Роман Еремин 1 жылға спорттан шеттетілді.