• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Ақпан, 2020

Алматыда жас кәсіпкерлер фестивалі өтіп жатыр

245 рет
көрсетілді

«Тұран» университетінде «Атамекен» ҰКП, Тұңғыш Президент – Елбасы қорының, Қазақстан маркетинг қауымдастығының қолдауымен мектеп оқушылары мен студенттер арасында кәсіпкерлік фестивалі өтуде.  

Жас кәсіпкерлер алдында сөз сөйлеген Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Н. Әбілшайықов бүгінде алматылықтардың 46 пайызы 30 жастан төменгі жастар болса, олардың 215 мыңы 41 жоғары оқу орнында және 78 колледжде оқитын студенттер екендігін атап өтті. Н. Әбілшайықов сонымен қатар  «QS World Universites Ranking 2020» версиясы бойынша әлемнің үздік унисверситеттерінің қатарына кіретін 10 ЖОО-ның 6-уы оңтүстк астанада шоғырланғандығына тоқталып,  Алматы сияқты ел экономикасының қаржы драйвері орталығы үшін алдағы уақытта кәсіпкерлікті меңгерген жастарға деген сұраныстың арта түсетіндігін жеткізді.

«Алматы қаласы еліміз экономикасының қозғаушы күші ретінде қаржы, сауда белсенділігімен алда келеді.  Өткен жылы Қазақстан Doing Business рейтингінде 28-ші орыннан 25-інші орынға көтерілді. Алматы әлемдік экономиканың 60 пайызын құрап отырған 600 елдің қатарына кіреді. Десек те экономикалық өсімді білікті мамандарсыз қамтамасыз ету мүмкін емес. Осы орайда «Жол картасы» дуалды оқыту бағдарламасы аясында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында 29 колледж бен 215 кәсіпорын арасында 2649 үш жақты келісімдер жасалған. Онда 31 мамандық 50 біліктілік бойынша оқытылады. Жұмысшы мамандардың жетіспеушілігін қамтамасыз ету мақсатында екі мыңға жуық кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізіліп, 14 мың мамандыққа сұраныстың жоғары екені анықталған.  Сауда және қызмет көрсету саласында -21%, байланыс, IT - 20 %, көлік, логистикада  -17%. Бүгінде ҚР ҰКП реестріне енген 16 сертификаттау орталығы Алматыда орналасқан. 2019 жылы сертификаттау орталығында 12,1 мың адам білім алса, олардың  10,7 мыңы колледж түлектері болып табылады.  Жыл басынан бергі аралықта жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасынан қысқа мерзімді білімін көтеруге ҰКП білім ұйымдарының реестріне 74 оқуорталығын енгізіліп, олардың саны 98-ге жетіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бес есеге көп.

«Тұран» университетінің проректоры Қуаныш Тазабеков «Осы бес күн ішінде оқушылар мен бизнес жоспар құру, бизнес стратегия әзірлеу, тұтынушыларды тарту сияқты студенттер кәсіпкерлік алғышарттарын игеретін болады. Көшбасшылық қасиеттер мен топта жұмыс істеуй білуге ықпал ететін фестиваль студенттер мен жастар арасында кәсіпкерлікті кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді», деп атап өтті.

Бизнес тренерлер фестиваль аясында кәсіпкерлікті қолдауға байланысты әртүрлі мүмкіндіктер, қайда білім алу, қалай даму қажеттігі туралы кеңестерімен бөлісетін болады.

Фестиваль бағдарламасында «Жастар бизнес-жобасы» бәсекеге қабілеттілікке, әлеуметтік жауапкершілікті, жедел әрекет етуге баулиды. Жарыс екі кезеңде өтеді. Фестиваль аясында сонымен қатар «Атамекен» ҰКП «Тұран» университеті базасында Кәсіпкерлік оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр. Фестиваль аясында сонымен қатар «Jas Kasipker» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, шеберлік сағаттары мен воркшоптар жоспарланған. 

 

АЛМАТЫ