• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Руханият 12 Ақпан, 2020

Волонтерлардың республикалық фронт-офисі ашылады

318 рет
көрсетілді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан волонтерлардың «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесі жұмысына ресми түрде бастау береді.

Волонтер жылы аясында фронт-кеңсенің ашылуы барысында «QQAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыт бойынша алаңдары таныстырылады.

Айта кетейік, Қазақстанда 2020 жыл – Волонтер жылы деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Қазақстан волонтерлікті дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты.