• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Медицина 12 Ақпан, 2020

Медициналық оңалту мүгедектікті азайтуға мүмкіндік береді

844 рет
көрсетілді

Халықтың мүгедектікті төмендетуге мүмкіндік беретін негізгі үдеріс оңалту болып табылады. Оңалту шаралары қаншалықты уақтылы жүргізілсе, адам да соншалықты жылдам сауығады. Оңалту ісі үздіксіз болуы тиіс екендігін айта кету керек.

Миокард инфаргі, инсульт, кардиохирургиялық отадан кейін науқас оңалту көмегін алуы тиіс. Медицинада тек оңалту шараларына ғана емес, сондай-ақ мүгедектікке душар ететін қауіпті дерттерді ерте бастан анықтауға мүмкіндік беретін скринингпен қоса, оңалту алдындағы кезеңге де көңіл аудару маңызды.

Оңалтудың негізгі қағидалары: ерте бастау, кезеңділік, үздіксіздік, сабақтастық, жеке және мультитәртіптік тәсіл, қолжетімділік, оңалту іс-шараларын жүргізуге мақсатты нақты және айқын тұжырымдау.

Осыған байланысты, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының кардиология және оңалту бөлімшесі Алматы қаласы және еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарына мамандандырылған кардиологиялық және терапевтік медициналық көмек көрсетеді. Бұл сауықтырып емдеу, медициналық оңалту, физиотерапевтік процедуралар.

Бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Әсем Амантаеваның айтуынша, жүргізіліп жатқан кардиооңалту кардиологиялық науқастың физикалық және психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Кардиооңалтуға емдік физкультура, мөлшерленген жаяу жүріс, велоэргометрде (велотренажер) динамикалық жаттығулар жасау, темекіден бас тарту, дене салмағы мен липидтер деңгейін қалыпқа келтіру, артериялық гипертонияны, қант диабетін емдеу, психолог дәрігерді шақыра отырып психологиялық қолдау көрсету жатады.

«Біз пациенттің денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін жақсарту, аурудың асқынуының алдын алу, олардың қоғамдағы күнделікті өмірге бейімделуі үшін барлық күш-жігерімізді саламыз», дейді Әсем Нұралықызы.

Сонымен қатар институтта резидентура және докторантура арқылы ғылыми кадрларды, оның ішінде алыс және жақын шетелдерден мамандарды дайындау үшін білім беру бағдарламасын жүзеге асырады, сондай-ақ резиденттермен сабақ жүргізіледі.

Мүгедектіктің алдын алу мен төмендету, өмір сүру сапасын жақсарту, пациенттің жұмыс істеу қабілеттілігін мен оның қоғамда әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жұмыстар өз нәтижелерін беріп отыр. Оны біз көріп жүрміз, әсіресе инфаркт пен кардиохирургиялық оталардан кейін пациенттердің денсаулығы оңалады және еңбек ету қабілеттері қалпына келеді.