Алматыдағы Ботаникалық бақты жөндеу жұмыстары 2020 жылдың көктемінде аяқталады. Бұл туралы бүгін қалалық баспасөз орталығында Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетов өзі басқаратын аудан аумағында орналасқан Ботаникалық бақты жөндеуге қатысты жұмыстарды баяндады.
Алтай Белғазыұлының айтуынша, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен биылғы жылдың көктемінде Ботаникалық бақты қайта жаңартуды аяқтау жоспарланған.
Бүгінгі күні бақ аумағында жаңа кіру павильондары, қоршаулар салу, суару жүйесін құру (суару арықтары) бойынша инженерелік-техникалық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде, бейнебақылау жүйелері орнатылып жатыр.
«Бұрын Ботаникалық бақ аумағына тек Тимирязев көшесінен кіруге болатын. Енді заманауи кіру топтары ұйымдастырылды. Тұрғындарға қолайлы болу үшін баққа Атакенттен және Әл-Фараби даңғылынан кіру павильондары ұйымдастырылады», деді аудан әкімі.
Сонымен қатар тротуарларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жолдарға арнайы экологиялық қоспа төселуде. Фонтан құрылысы аяқталды. Бақтың аумағында кіші пішіндегі сәлет формалары орнатылады. «Менің ойымша, біздің Ботаникалық бақ өзгереді, жыл сайын келушілер саны артады. Қала орталығында осындай жасыл алқабымызды одан әрі дамытатын боламыз», деп бөлісті аудан басшысы.
Бостандық ауданының әкімі Атакент көрме орталығының алдындағы алаңды өзгерту бойынша эскиздік жобалар әзірленіп жатқанын атап өтті. Барлық жобалар ұсыныстар мен өзгерістер енгізу үшін қоғамдық талқылауға ұсынылады.
«Тұрғындардың ұсыныстары ескеріледі, әкімдік жеке шешім қабылдамайды», деп қорытындылады сөзін Бостандық ауданының басшысы.