Президент Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы болып Шәмшиев Алмас Әбжанұлы тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Жаңа басшыны жеке құрамға және облыс әкіміне ІІМ Қылмыстық атқару-жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Есқали Саламатов таныстырды.
«Алмас Абжанов орталық аппаратта Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде көп жылдар бойы еңбек етті. Ол Қылмыстық-атқару жүйесі саласымен жақсы таныс. Себебі. Бұл бағытта 20 жыл жұмыс істеген. Осы күнге дейін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін жауапкершілікпен атқарып келді», - деді Е.Саламатов.
Айта кетейік, 13 ақпан күні ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы ауысты. Ведомствоның жаңа басшысы Жанат Болатұлы Ешмағамбетов болды.