• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2013

Ақтөбеде десантшылар бөтелкені бастарымен жарды

342 рет
көрсетілді

Әуе десантшылары әскерлері күні атап өтілген жұма күні Ақтөбеде осы сала жауынгерлерінің бір тобы арақтың бөтелкелерін Есет батыр көшесінің бойындағы киоскілер мен өздерінің бастарына ұрып жарған. Бұл туралы «Актобе-таймс» газеті хабарлады.

«Біз тамыздың екісі күні достарымызбен бірге «Анвар» дүкенінің жанындағы кафеде отыр едік, - деді газет тілшісіне осы оқиғаны өз көргендердің бірі Александр. – Біз кафенің ғимарат ішіндегі бөлігінде болдық. Ал сырттағы жазғы бөлігінен алабажақ жейде мен берет киген жауынгерлер қайта-қайта іштегі дәретханаға келіп жатты. Біз сыртқа шығып, кеткелі жатқанымызда, даладағы ашық павильонда 20 шақты әуе-десант әскерлері солдаттарының отырғандарын көрдік. Оларды жастары үлкендеу орденді біреуі басқарып жүрді. Сол өтіп жатқан жұрттан өз жігіттерінің қылықтары үшін ұдайы кешірім сұраумен болды. Ал жауынгерлер айтарлықтай мас еді. Солардың бірі бос бөтелкені өзінің басына ұрып жарды. Екінші біреуі тағы бір бос бөтелкені «Анвар» магазинінің қасындағы киоскіге лақтырып, күл-паршасын шығарды. Сосын біз кетіп қалдық. Одан ары не болғанын білмейміз».

Шын мәнінде мерекелерін кафеде тойлап болғаннан кейін десантшылар Мәңгілік алауға қарай қозғалады. Көргендердің айтуларынша, біраз жігіт мәшинеге мініп алып, бүкіл көше бойына «ВДВ – бұл күш!» деген айқайға басады. Қалғандары көше бойлап жаяу тартқан. Бірақ ұзаққа бара алмаған. Жолай бәрін бүлдіріп бара жатқан десантшыларды полиция тоқтатады.

Сұлтан Бозайғыр.

Соңғы жаңалықтар