• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2013

Атырауда Берік Жанкеевке іздеу жарияланды

217 рет
көрсетілді

Атырау облыстық денешынықтыру, туризм және спорт басқармасының бұрынғы бастығы Берік Жәнкеевке халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы «Ак Жайык» газеті хабарлап отыр.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) сайтында 37 жасар Б.Жанкеевтің Қылмыстық кодекстің 235-бабы 3-бөлігі мен 176-бабы 4-бөлігі («Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құру» және «Ұйымдасқан қылмыстық топтың сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемденіп кету немесе талан-таражға салу») бойынша қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін іздестіріліп жатқаны хабарланған.

Бұдан бұрын Жанкеевтың басшылығындағы ұйымдасқан топтың 2008-2012 жылдары бюджеттің ширек млрд. теңгеге жуық, яғни 250 млн. теңгеге тарта ақшасын ұрлағаны айтылған. Біз соның ішінде Атырау облыстық қаржы полициясының бюджет қаржысын қолды еткен фактілері бойынша Берік Жанкеев пен «Атырау» волейбол командасы басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғағаны жазған едік.

Құрыш Нұрымбет.