• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Ақпан, 2020

Алматыда қар тазалауға 600 техника жұмылдырылды

545 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев қала көшелерін аралап, қар тазалау бойынша жұмыстарды тексеріп, қаланы қардан тазарту жұмыстарының бақылауға алынатынын жеткізген болатын.

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингке Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Төрехан Исин, «Алматы қаласы құтқару қызметінің» басшысы Дмитрий Чухонцев қатысып, қар талазау жұмыстарына қатысты мәлімет берді.

Бүгінде Алматыға түскен қалың қарды  тазалау жұмыстарына 600-ден астам техника мен 2500-ге жуық жол жұмысшылары жұмылдырылған.

Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Д. Ахметқалиев хабарлағандай, 50 инспектор жаяу жүргіншілер жолдары мен жаяу жүргіншілер жолағының қардан тазартылғанын бақылайтын болады. Қаланың жаяу жүргіншілер жолағы бөлігінде тексеру жүргізілуде. Бұл жұмыс аудан әкімдіктері, абаттандыру бөлімі, коммуналдық қызметтер мен Жасыл экономика басқармармасының бақылауында. Жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарларда қарды тазалау және жинау жұмыстары бір тәулік ішінде аяқталады.

«Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК басшысы Д. Чухонцев қала тұрғындарын қар қалың жауған кезде, өтпелі жолдармен жүру кезінде сақ болуға, ағаштарға жақын жерде көліктерін қалдырмауды ескертті.                   

АЛМАТЫ