• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Ақпан, 2020

Қызылжарда кейуана қызыл жалын құшты

213 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні Петропавл қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінен өрт шықты және осы жерден 84 жастағы кейуананың өлі денесі табылды.

Өрт туралы дабыл таңғы сағат он жарым кезінде түскен. Жанып жатқан пәтер Кошуков көшесіндегі №7 тоғыз қабатты үйдің 3 қабатындағы пәтерден екені анықталған. Далаға сумаңдап жатқан жалынды көрген қырағы көршілер дереу дабыл қаққан екен.

Өрт сөндіруге Петропавлдың № 1 және № 3 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жеткенде жалын үй ішін тегіс жалмап, лапылдап жатқанын көреді. Өрт сөндіруге жанталасып кіріскен қызметкерлер оттан көрші пәтерлердегі 8 адамды, соның ішінде 2-уі бала болған, басқышпен түсіріп, құтқарып алған.

Алайда, өрт жылдам сөндірілгенімен үйдің ішінен 1936 жылы туған үй иесі - әйелдің өлі денесі табылған. Қазір 84 жастағы кейуананың неден қайтыс болғаны және өрттің себептері анықталуда. Өрт сөндіруге барлығы 20 шақты адам мен 6 техника тартылған.

Өрттен пәтердің барлық мүлкін от шалған, бүлдірген аумағы 18 шаршы метрдей. Үйдің ішін тегіс түтін шарпыған.

Осындайдан аман болу үшін әрқашан да өрттен сақ болу керек.

 

ПЕТРОПАВЛ