• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2013

Бүгін түнде аспаннан жұлдыздар жауады

500 рет
көрсетілді

Бүгін, яғни тамыздың 13-іне қараған түні Жер Персеид метеориттер шоғырының негізгі аймағына келген кезінде аспаннан жұлдыздардың жапырлап жауып жатқанын анық көруге болады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Бұл осы жылғы жұлдыз жауудың ең жоғары деңгейі болмақ», деп жазды Британияның «Би-Би-Си» көрсетілім корпорациясы.

Осынау ерекше әсерлі шақ Жер планетасы Свифт-Туттля кометасымен тұстас келген кезде пайда болады. Одан бөлініп шығып жататын мұз бөліктері мен ұсақ шаңдар біздің планетамыздың атмосферасына дейін жарқырап жанып жетеді.

Британия астрономдары бүгін түнде зеңгірдің жүзінде 100 ұсақ метеориттің жанып өтетінін айтып отыр. Ғарыштық бұл қойылым кешкі іңір түскеннен басталып, таңсәріде өзінің шарықтау шегіне жетеді.

Белфаст университетінің профессоры Еуин Ален Фицзиммонс мәлім еткендей, «Свифт-Туттля кометасы Жерге соңғы 2125 жылдан бері бірінші рет осыншалықты жақындап келеді, бірақ олардың соқтығысы болмайды». Ғалымдар кометаның ядросының диаметрі 26 километр болатынын есептеп шығарды.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар