• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 18 Ақпан, 2020

Финалда есе жіберді

178 рет
көрсетілді

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жүлде қоры 848 мың АҚШ долларын құраған «WTA Premier» турнирінің финалында өнер көрсетті.

Бас жүлде үшін өткен бәсекеде отандасымыз Нидерланд өкілі Кики Бертенспен бақ сынасты. Екі сетке созылған кездесуде 6:1, 6:3 есебімен Бертенстің бағы жанды. Ал Елена осымен WTA турниріндегі үшінші финалының екеуінде жеңіліс тапты. Бұл Рыба­кина мен Бертенстің корттағы екінші теке­тіресі. Былтыр халықаралық турнирдің жартылай финалында кездесіп, ол кезде де Нидерланд спортшысының бәсі биік болған-ды. Финалдық кездесуге дейін Рыбакина әлем­нің 25-ші, Бертенс сегізінші ракеткасы болатын.

Финалдық сайыстан кейін 20 жастағы отандасымыз әлемдік рейтингте 19-орынға көтерілді. Бұл – Қазақстан теннисі тарихын­дағы ең жоғары көрсеткіш. Өйткені бұған дейін­гі ең үздік нәтижеміз – 25-орын еді. Бұл нәтижеге 2012 жылы Ярослава Шведова және биыл Елена Рыбакина қол жеткізген-ді. Сөйтіп Рыбакина Қазақстан теннис тарихы­ның жаңа парағын ашты.