Мәскеу құқық қорғау органдары табандарынан тік тұрып, белгісіз бір жүргізуші көлігіне мінгізіп әкеткен екі баланы іздестіру үстінде. Бұл туралы «Газета.Ru» хабарлады.
Мәскеу полициясының бүкіл жеке құрамына белгісіз жүргізуші алып кеткен екі баланың бет-бейнелері көрсетілген бағыттама тапсырылды. Олар қазір барлық жерді шарлап, жоғалған бүлдіршіндерді іздестіруде.
«Бағыттамалар барлық постылар мен патрульдер жасағына берілді», дейді ішкі істер министрлігі қалалық басқармасының баспасөз қызметі.
Кеше шамамен сағат 12:00-де бір ер кісі екі баланы жеке тасымалмен айналысатын жүргізушінің алып кеткенін хабарлаған. Біршама уақыттан кейін, оның айтуынша, балалар әкетілген ВАЗ көлігі Үшінші шеңбер маңынан табылған. Бірақ оның ішінде балалар болмай шықты.
Сұлтан Бозайғыр.