• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Ақпан, 2020

Елордада жас сарбаздар үшін Еріктілер жылының ашылу салтанаты өтеді

174 рет
көрсетілді

21 ақпан күні сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Jas sarbaz – meıіrіmdіlіk bіrіktіredі» атты шара өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шара барысында «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері өз жетістіктерімен бөлісіп, «Smart sarbaz» көрмесі ұйымдастырылады. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрілігі өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәжіліс депутаты, халық қаһарманы Бақытжан Ертайұлы, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек, сондай-ақ олимпиада чемпиондары мен эстрада жұлдыздары қатысады.