• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Тамыз, 2013

Марсқа сапар

396 рет
көрсетілді

Оған баруға 100 мың адам тілек білдіріпті

Голландиялық бастамашы­лар­дың Mars One жобасы бойын­ша Марс планетасына сапарға аттануға тілек білдіріп, арыз жаз­ғандардың саны қазірдің өзінде 100 мың адамға жетіпті.

Mars One жобасы Марсқа енді Жерге қайтып келмейтін экспедиция ұйымдастыруды көздейді. Экспедиция мүшесі болғысы келе­тіндерді іріктеуге арналған рес­ми орын биылғы сәуір айында ашылды.

Жобаны жасаушылар «қызыл планетаны» жаулап алуды 2022 жылы бастауды жоспарлап отыр. Осыған дейін, 2015 жылдың шіл­десіне қарай алғашқы 24 үміткер іріктеліп алынады деп күтілуде. Олар бұдан кейінгі 7 жыл бойы ұшу сапарына дайындалады. Әр ұшу кемесіне 4 адамнан отыр­ғы­зы­лады.

Мұрат АЙТҚОЖА.