Алматыда өткен Mining СІub кездесуіне тау-кен өндірісі саласының мамандары юниорлық компаниялар нарығын дамыту және Қазақстанның геологиялық барлау саласына инвестиция тарту мәселелерін талқылады. Кәсіпқойлар кездесуіне 80-нен астам қатты пайдалы қазбалар бойынша геологиялық барлаудағы юниорлық және сервистік компаниялар, Қазақстанның ірі тау-кен өндіру кәсіпорнының басшылары мен мамандары, Қазақстанның бейінді тізімдемелерінің өкілдері, шетелдік мемлекеттердің тәуелсіз сарапшылары мен сауда миссиялары қатысты.
Қатысушылар юниорлық компаниялар логистикасының мәселелерін, қаржыландыруды тарту мүмкіндіктерін, юниорлық нарықты дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын, қатты пайдалы қазбаларды барлауды реттеу және жоспарлау мәселелерін талқылады. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ біздің елімізде қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша юниорларды қаржыландыруға байланысты өз бағдарламасын ұсынды.
Жиын барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымына Руслан Баймишев пайдалы қазбаларды барлау мәселесіндегі заңнамалалық құжаттарды пайдалану, шағын және орта бизнестің барлау жұмыстарына қатысу мәселесін қозғаса, KASE Басқарма мүшесі, Басқарушы директоры Қайрат Тұрмағамбетов заңды тұлғалардың қор биржасына қатысу мүмкіндіктері мен қазіргі кездегі Қазақстан қор биржасының бағыт-бағдарынан хабардар етіп өтті.
НаІІег Lomax өкілі Тимур Одилов «Біз осы клубты қалыптастырдық және үлттық юниорлық нарық бар екендігін көрсету үшін, заманауи талаптарда нақты сол біздің еліміздің минералды-шикізаттық базасын қалпына келтіруде геологиялық барлаумен айналысуы үшін қазіргі уақытта өте көкейтесті тақырыпқа кездесу өткізуді шештік. Біз пікір алмасу, тау- геологиялық компаниялардың дамуына сонымен қатар, қаржыландыруды тартуға көмектесу және үйрету үшін осыған қызығушылық танытып отырған барлық тұлғаларды жинауға бел будық» деп атап өтсе, Aurora Minerals Group серіктесі Саид Султанов «Әлемдік статистика соңғы 70 жылдықта алтын кен орнының 70%-ын нақты юниор-компаниялар ашқандығын көрсетіп отыр. Қазақстанда ірі кен орындары санының қазіргі қысқаруы жағдайында юниорлар нарқын дамыту үшін жағымды орта/экожүйе қалыптастырып, сол арқылы жаңа кен орындарының есебінен елдің минералдық запасын толтырып, экономиканың осы саласының сандық және сапалық өсуін қамтамасыз ету аса маңызды» деген пікірімен бөлісті. Ал , «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Құдайбергеннің айтуынша, юниорлық нарықтың даму әлеуеті байқалады. Дегенмен, кішігірім компаниялар үшін қаржыландыру құралдарына қолджетімсіздік мәселесі бар екендігі құпия емес. «Біз Ұлттық компания ретінде болашағы бар геологиялық барлау жобаларын қолдауға дайынбыз. Атап айтқанда, Тау-Кен-Самұрық» пилоттық жобаны жүзеге асыру үүшін алтын, мыс және мырынш кен орындарын қарастырып отыр», деп атап өтті Қ.Құдайберген.
АЛМАТЫ