• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Үкімет 23 Ақпан, 2020

Қазақстан мен ЕУРОБАК ынтымақтастықты нығайтуда

134 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы (ЕУРОБАК) мүшелерінің жыл сайынғы жиналысына қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараның қонақтары ірі халықаралық және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ дипломатиялық қауымдастықтың өкілдері болды.

20 жылдық мерейтой құрметіне Қауымдастық өз серіктестеріне, атап айтқанда Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосына көпжылдық ынтымақтастық пен қолдау көрсеткені үшін алғыс хат тапсырды.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар еліміздің инвестициялық ахуалын талқылап, сондай-ақ Қауымдастықтың өткен жылғы қызметінің нәтижелері туралы есептермен және 20 жыл ішіндегі негізгі жетістіктермен танысты.

ЕУРОБАК - Қазақстандағы Еуропалық бизнес қауымдастықты білдіретін коммерциялық емес ұйым. Қауымдастық Қазақстанда жұмыс істейтін және инвестиция жасайтын Еуропалық Одақ компанияларының және Қазақстандағы Еуропалық Одақ делегациясының бірлескен бастамасы бойынша құрылды.