• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Үкімет 23 Ақпан, 2020

Ақтоты Райымқұлова «Жанұя» отбасын қолдау орталығында азаматтарды қабылдады

443 рет
көрсетілді

Қазақастан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» қоғамдық қорында азаматтарды қабылдады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрдің қабылдауына келген Ибрагим Әділетбаев ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсынұлы қызмет еткен қалалар мен елді-мекендерге ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның қорытындысы ретіне кітап басып шығару туралы пікірін айтты. 

А.Рахметоллақызы бұл мәселені Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып жүзеге асыруға болатынын жеткізді. Сонымен қатар бұл ұсынысқа А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты бей-жай қарамайтынын атап өтті.

Қанат Алпысбаев Петропавл қаласындағы жалпы білім беретін мектептен балаларға арналған спорт мектеп-интернатына 8-сыныпта оқитын ұлын ауыстыру туралы мәселеге тиянақты жауап алды.

«Сіздің ұлыңыз жаңа оқу жылында конкурстық негізде аталған білім беру ұйымдарына қабылдауға қатыса алады. Баланыздың спортта шымыр болуына тілек білдіремін,»-деді Министр. Және де бұл мәселеде ешқандай күрделі түйін жоқ екенін, жас спортшыға тиісті мекемелер барынша қолдау білдіретінін айтты.

Заңгер, саясаттанушы  Нақыпбек Садуақасов  министрге қазақтың алып тұлғалары Әлихан Бөкейханұлы, Әлімхан Ермеков, Күләш Байсейітова және т.б. дүниеге келген Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы туралы деректі фильм түсіру бойынша ұсыныс білдірді.

А.Райымқұлова ұлт тарихына бей-жай қарамаған азаматқа ризашылығын білдіре отырып, «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру туралы шешім Сараптама кеңесінің оң қорытындысы және Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде қабылданатындығын түсіндірді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтінімдер Сараптамалық кеңестің және ведомствоаралық комиссияның қарауына «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-мен ашық конкурс жариялау жолымен енгізілетінін, осыған орай, авторға Ақтоғай ауданы туралы деректі фильм түсіру бойынша аталған орталыққа тиісті өтініш беру керектігін айтты.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Е.Есжанов Мәдениет және спорт министріне қаланың іргесіндегі Өндіріс елді мекенінде балаларға арналған спорт мектебін салу туралы өтінішпен келген. Министр еліміздегі бұқаралық спорттың дамуына жергілікті жердегі билік тиісті дәрежеде назар аударып отырғанын, Өндіріс ауылында спорттық денешынықтыру-сауықтыру кешені салынатыны қаланың жоспарында бар екендігін айтты.

ІТ маманы Аралбай Қуанышбек ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай сувенирлік өнім дайындаған.  Ұлы тұлғаның мерейтойына арналған қолөнер туындысымен танысқан министр қажет болған жағдайда дайын өнімді сатып алу мәселесі бойынша алдағы уақытта министрліктің арнайы мамандары хабарласатынын жеткізді.

Министрмен жеке мәселе бойынша кездескен ел азаматтары да тиісті жауап алды.