• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Хоккей 23 Ақпан, 2020

Оралда допты хоккейден жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

125 рет
көрсетілді

Оралдағы «Жастар» стадионында допты хоккейден жасы 15-тен аспаған жасөспірімдер арасында ел чемпионаты мәреге жетті. Бұл туралы Olimpic.kz хабарлады.

Біріншілікке барлығы алты команда қатысып, бақ сынады.

Алты күнге созылған жарыс қорытындысында БҚО командасы (бапкері Виталий Немолочнов) жеңімпаз атанды. Ақтөбе облысы Хромтау қаласынан келген жасөспірімдер екінші, алматылықтар үшінші орынға ие болды.

Барлық жеңімпаз-жүлдегерлер медаль, диплом және кубоктармен марапатталды. Аталымдар бойынша үздік шыққан жекелеген хоккейшілер де ұмыт қалған жоқ.

Чемпионаттың ашылу рәсімінде мұзды сапалы дайындағаны үшін «Жастар» стадионы әкімшілігіне алғыс айтылды. Барлық құқықтар қорғалған.