• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Ақпан, 2020

Дэвис кубогында ойнайтын теннисшілер белгілі

150 рет
көрсетілді

6-7 наурыз аралығында Нұр-Сұлтанда теннистен Дэвис кубогының ірікеу сайысында Қазақстан мен Нидерланды құрамалары күш сынасатыны белгілі.

Айтулы бәсекеде қос команданың қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. Қазақстанның намысын Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко және Александр Недовесов қорғаса,  Нидерланды сапында Жан-Жульен Ройер, Робин Хаасе, Таллон Грикспур, Ботик ван де Зандшульп және Уэслей Кулхоф ойнайды.

Қос мемлекет арасындағы тартыста жеңіске жеткен команда Дэвис кубогының финалдық турниріне жолдама алады.