Аддис-Абеба университетінде Халықаралық ана тілі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Аталмыш шараға Ғылым және жоғарғы білім, Мәдениет министрліктердің, БАҚ, Эфиопияның ғылыми және мәдени топтарының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара бағдарламасына, атап айтқанда, әртүрлі елдер өкілдері, оның ішінде Қазақстан да қатысты. Осы жылы қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында Елшіліктің ұжымы оның шығармашылығының тұсаукесерін жасап, «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілінде орындады.
Ресми бөлігі кезінде Эфиопияның Мәдениет пен ғылым және жоғарғы білім министрлері, Аддис-Абеба университетінің президенті және ЮНЕСКО өкілідерінің құттықтау сөздері айтылды.